Қазіргі күрделі әрі сан қырлы әлемде барлық салада қарқынды өзгерістер орын алып жатқанда бір рет және өмір бойына білім алу мүмкін емес. Бүгінгі таңда қоғамымыз бетпе-бет келіп отырған міндеттер бізден белсенді және шығармашылық жауап беруді талап етеді. Біз қарқынды дамып келе жатқан технологиялар мен соңғы жаңалықтарға сай болуымыз керек, сондықтан біз компаниямыздың тек техникалық әлеуетімен ғана емес, сонымен қатар қызметкерлерінің кәсіби деңгейімен де уақыт талабына сай болуын қамтамасыз етуге тырысамыз.
Біз адамдар тек мансап құрып қана қоймай, жан-жақты дами алатын мекен болып қалуға бар күш-жігерімізді саламыз. Күннен күнге. Өмір бойы. Біз білім беру үдерісі жеке және ғаламдық деңгейде бірізді және үздіксіз болуы керек екеніне сенімдіміз.
Сондықтан біз барлық санаттағы адамдардың жеке өсуіне жағдай жасаймыз - мектеп оқушыларынан бастап (кәсіптік бағдар беру, өнеркәсіптік туризм және т.б.) тәжірибелі қызметкерлерге дейін (тренингтер, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу және т.б.).